«Ауыл-Ел бесiгi» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қомақты қаражат бөлiнiп, Қ.Тұрысбеков ауылдық округiнде жалпы ұзындығы 1,7 шақырымды құрайтын 3 көшеге (Ешназаров, Қарабеков, Нұримов) орта жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде.
Орта жөндеу, яғни, жаңадан асфальт төсеу жұмыстарын «ДостықСпецТранс» ЖШС, ал инжинирингтiк қызметтi «АN-СнабСтрой» ЖШС жүргiзуде. Сондай-ақ, аталған бағдарлама шеңберiнде алдағы уақытта өзге де көшелердi жөндеуден өткiзу жоспарлануда.
Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.