Шардара су қоймасы 7 балдық жер сiлкiнiсiне шыдас беретiн сейсмикалық төзiмдiлiкке ие болады. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрi Серiк Қожаниязов Түркiстан облысына келген жұмыс сапарында атап өттi.

Экологоия министрiнiң орынбасары iс-сапармен Түркiстан облысына келiп, Шардара су қоймасының құрылысымен танысты. Стратегиялық маңызы бар нысанға «Шардара су қоймасы бөгетiнiң сейсмотұрақтылығын реконструкциялау және арттыру» бойынша құрылыс жұмыстары жүргiзiлуде. Вице-министрдiң сөзiнше, нысан құрылысы келесi жылы аяқталып, пайдалануға берiлмек.

«2019 жылы «Қазсушар» РМК сақтық шараларын күшейту мақсатында құмнан көтерiлген қабырғаларды қалыңдатып, жер асты суларының деңгейiн төмендету үшiн Шардара су қоймасын қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Осылайша, 56 жыл бұрын салынған су қоймасын кезең-кезеңiмен жаңғырту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Аталған нысанды келесi жылы пайдалануға беру жоспарда бар. Құрылыс аяқталса, 7 балдық жер сiлкiнiсiне шыдас беретiн сейсмикалық төзiмдiлiкке ие болады»,- дедi ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрi Серiк Қожаниязов.

Айта кетейiк, Шардара су қоймасы әуел баста алты балдық жер сiлкiнiсiне дейiн төтеп беретiндей қуаттылықпен салынған Түркiстан облысының Шардара, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары жерiндегi iрi жасанды су айдыны. Мұндағы суды Шардара қаласының тұрғындары ауыз суға пайдаланып отыр. Бұдан бөлек, аталған су қоймасы арқылы Түркiстан мен Қызылорда облыстарының суармалы жерлерiн суаруға мүмкiндiк бар.

 «Өскен өңiр» – ақпарат.