Денсаулық сақтау министрi Алексей Цой Үкiметтiң кезектi отырысында елiмiздегi эпиджағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz
Министрдiң айтуынша, ауруханалардағы төсек-орын 56 пайызға толып тұр.
«Эпидахуалды бақылау матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы 26 маусымнан берi «қызыл» аймақта. 3 тамыздағы жағдай бойынша, ауруханалардағы төсек-орын 56 пайызға толып тұр. Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды облыстары «қызыл-қоңыр» аймақта тұр», дедi Цой Үкiмет отырысында.
Министр Қазақстан бұған дейiн жасалған болжам бойынша оптимистiк сценариймен келе жатқанын атап өттi.
«Тамыз-қыркүйек айларындағы эпидахуалға болжам жасайтын болсақ, бiз оптимистiк сценарий бойынша келе жатырмыз. Оптимистiк сценарийдiң алдағы дамуы карантин режимiн сақтап, вакцинация қарқынын көбейтумен байланысты болады», дедi министр.
Oskenonir.kz