Шiлде айының 15-17 күндерi аралығында Түлкiбас ауданында Тәуелсiздiктiң 30 жылдығына және қазақ халқының даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған еркiн күрестен 2006-2008 жылы туылған жасөспiрiмдер арасында Түркiстан облысының чемпионаты өттi.
Тартысты өткен сайысқа облысымыздағы барлық ауданнан балуандар жиналып, жарыс жоғары дәрежеде өттi. Аталған жарыста бiздiң спортшыларымыз 4 қола медель жеңiп алды.
Толығырақ тоқталсақ, 32 келi салмақ дәрежесiнде Әшiмхан Диас пен Ахмет Тынышбек қола медальды иелендi. Сондай-ақ, 41 келi салмақ дәрежесiнде Бекзат Бекмұрат, 62 келi салмақ дәрежесiнде Әлiшер Тоқболаев 3 орындарды иемдендi.
Жүлдегерлер мен жаттықтырушыларды жетiстiктерiмен құттықтай отыра, алдағы үлкен жарыстарда жеңiс тұғырынан көрiнулерiн тiлеймiз!
«Өскен өңiр» – ақпарат.