Газетiмiздiң бұған дейiнгi нөмiрiнде 25 шiлде күнi елiмiз бойынша ауыл әкiмдерiнiң сайлауы өтетiнiн хабарлаған болатынбыз.
Осы күнi Шардара ауданы бойынша Жаушықұм ауыл округi әкiмiнiң сайлауы өткiзiлдi. Сайлау нәтижесiнде Нұрсейiтов Нұрбақыт Дәулетбек-ұлы басым дауыспен жеңiске жеттi.
Н.Нұрсейiтов Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 шiлдедегi №81 шешiмiмен Жаушықұм ауыл округiнiң әкiмi болып тiркелдi.
Н.Нұрсейiтов бұған дейiн де аталған ауылда әкiм болып қызмет еткен.
Сайлауда жеңiске жеткен Нұрбақыт Дәулетбекұлының алдағы уақыттағы жұмыстарына табыс тiлеймiз.
“Өскенөңiрлiктер”.