Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығы қарсаңында ауданымызда жаңа нысандар бой көтерiп, ел игiлiгi үшiн пайдалануға берiлiп жатыр.

Сондай қуанышты жағдайлардың бiрi Қ.Тұрысбеков ауылдық округiнде орын алды.

Осы аптаның сәрсенбiсiнде аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Шомпиев Қ.Тұрысбеков ауылдық округiнде болып, кәсiпкерлiк нысан санатындағы «Хиямидин»  көп салалы дүкенiнiң салтанатты ашылу рәсiмiне қатысты. Ол жерде дүкен иесiн құттықтап: «Құрметтi Сайбидин Құлтайұлы! Сiзге халыққа қызмет көрсете отырып, ауданымызда кәсiпкерлiк саланы дамытуға қосқан үлесiңiз үшiн алғысымды бiлдiремiн. Биылғы жылы ел Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығы аясында ауданымызда көптеген игiлiктi шаралар атқарылуда. Осындай игiлiктi iстiң ұйытқысы бола жүрiп, халыққа қызмет көрсетiп, көпшiлiктiң алғысы мен құрметiне бөлене берiңiз. Сiзге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, жұмыстарыңызға толағай табыстар тiлеймiн»-деп дүкен иесiне аудан әкiмiнiң Алғыс хатын тапсырды.

Сонымен қатар жиында ауыл ақсақалдары сөз алып, өз құттықтауларын жеткiздi.

Айта кетсек, қазiргi таңда Қ.Тұрысбеков ауылдық округiнде 18 кәсiпкерлiк нысан жұмыс iстеуде.

Рүстем ПЕРДЕБЕК.