Аптаның алғашқы күнiнде ауданымызда күзгi дала жұмыстарын жүргi-зуге Үкiмет тарапынан  бөлiнген жеңiлдетiлген жанар-жағармайды жеткiзу, тасымалдау мәселесi кеңiнен талқыланды.

Жиында аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Шомпиев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң басшысы Т.Әлiмқұл,  сондай-ақ, ауданға бекiтiлiп, айқындалған жанар-жағармай тасымалдаушы операторлар – «Казроснефть» ЖШС өкiлi Қ.Жұмабек, «Майсс» ЖШС директоры Т.Алисат, «Нұрасу Юг» ЖШС-ның өкiлi Г.Жақыпбековалар болды.

Мәжiлiсте қазiргi таңда ауыл шаруашылығы тауарөндiрушi-лердi қолдау мақсатында күзгi дала жұмыстарын жүргiзуге бөлiнген дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша аудандағы шаруаларға тасымалдау, жеткiзiп беру жанар-жағармай қорының көлемi және оның бағасы жайлы сөз қозғалды.

Аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Шомпиев өз сөзiнде облыс бекiтiп берген кестеге сәйкес, Шардара ауданына  2021 жылы күзгi дала жұмыстарын жүргiзуге бөлiнген жанар-жағар майды  агроқұрылымдарға жеткiзiп беру үшiн операторлардың тiзiмi мен баға калькуляциясы  айқындалып, бекiтiлгенiн айтып өттi. Жанар-жағармай бағасын бекiтiлген бағада сату, тасымалдау жұмыстарын уақтылы ұйымдастырып, шаруаларға жеткiзу жұмыстарының тиiстi деңгейде жүргiзiлуi тiкелей бекiтiлген  үш операторға байланысты екендiгiн атап өттi. Сонымен қатар ауыл әкiмдерi тарапынан агроқұрылымдар арасында түсiндiрме жұмыстарын тұрақты түрде жүргiзу, бұл мәселенi бақылауда ұстап  отыру керектiгiн  жауапты бөлiмге тапсырды.

Ал жанар-жағармай тасымалдаушы 3 оператор қажеттi жанар-жағармайды уақтылы жеткiзудi тиiстi деңгейде ұйымдастыруды қолға алатындықтарын, калькуляцияға сәйкес, бекiтiлген бағада  әр литрiн 172,0 теңгеден тасымалдап, сататындықтарын жеткiздi. Аудан әкiмiнiң орынбасары жанармай тасымалдаушы операторлардың сөзiн тыңдап, Үкiмет тарапынан күзгi дала жұмыстарын жүргiзуге бөлiнген 4030,0 тонна жанар-жағармай қоры жөнiнде халыққа кеңiнен хабарлауды, осы тұрғыда тиiстi жұмыстарды атқару керектiгi жөнiнде жауапты бөлiмге тапсырма берiп, мәжiлiстi қорытындылады.

Ауданға бекiтiлген операторлардың байланыс телефондары: «Казроснефть» ЖШС өкiлi Қ.Жұмабек (8-701-752-49-07), «Майсс» ЖШС-ның директоры  Т.Алисат (8-701-588-05-53), «Нұрасу Юг» ЖШС-ның өкiлi Г.Жақыпбекова (8-701-647-46-47).

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.