«Nur Otan» партиясының Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты Нөсеров Нұржан Ахметұлы қоғамдық қабылдау өткізген болатын.
Қабылдау барысында жас дәрігер Тағабаева Әмина Дәуренқызы Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында Шардара ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жалпы тәжірбелі дәрігер болып жұмысқа орналасқандығын, жұмысқа Шардара қаласынан қатынау қиын болып жатқандығын, сол себепті пәтер алуға көмек сұрап келген болатын.
Нұржан Ахметұлы осы мәселені бақылауға алып, жас дәрігердің бағдарлама аясында баспаналы болуына жәрдем етті. Таяуда Ә.Тағабаеваға ауылдағы жаңадан салынған екі қабатты, көп пәтерлі тұрғын үйден бір бөлмелі қызметтік пәтердің кілтін Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі А.Алтынбеков салтанатты түрде табыс етті.
Өз тілшімізден.