Күздің алғашқы күндерінен-ақ қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Осы орайда "Аудан көлеміндегі мектептер мен балабақшаларда бұл мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр?" деген сауал алдымыздан шығары анық. Өйткені бұл мәселеге немқұрайды қарауға болмайды.
Өткен аптада аудандағы тұрғын үйлердің және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандардың алдағы 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына дайындығы мәселесі бойынша құрылған уақытша комиссия мүшелері ауданымыздағы бірнеше нысандардың жылыту жұмыстарымен танысып шықты.
Атап айтар болсақ, комиссия мүшелері М.Әуезов жалпы орта мектебі, №12 жалпы орта мектебі, «Бал-бөбек» балабақшасы, Спорт кешені, Орталық аурухана нысандарының жылу қазандықтарын қатты және сұйық отынмен қамтамасыз ету жұмыстарымен танысып шықты. Тексеру жұмыстарынан соң өзара пікір алмасқан комиссия мүшелері мен мекеме басшылары өз қыстан қысылмай шығу жайлы өз ойларын салып, түйіткілді деген бірнеше мәселелерді талқыға салды.
Өз тілшімізден.