Қымбатты ардагерлер!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Біріккен Ұлттар Бас Ассамблеясы 1990 жылғы 45-сессиясында 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады.

Елбасының «Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік» – деген сөзі бар. Қазыналы қарттарымызды ардақтау, оларға құрмет көрсету біз үшін қалыптасқан заңдылық десе де болады. 

Биыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы аталып өтуде. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында көптеген қиындықтарды артта қалдырып, биік белестерді бағындырып, Тәуелсіздігімізді түғырландыру бағытында Сіздердің атқарған еңбектеріңіз ерен.

Сіздер кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалып¬тастыруға үйретіп келесіздер. Егемен еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауды, жақсы күндерді еселі еңбегімізбен жақындатуды біз Сіздерден үйреніп келеміз.

«Қарты бар  елдің қазынасы бар» – дейді халқымызда. Ел мүддесін бәрінен биік қойып, ұрпағына ұлылығын ұялата білген ардагерлерімізді құрметтеу – азаматтық парызымыз. Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз, абыройлы еңбектеріңіз жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі-өнеге.

Жарқын болашақ, кемелді келешек үшін қажымай еңбек еткен қарттарымызға деген құрмет пен ізгі ниетіміз әрқашан да ерекше.     Әрқашан да арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, елді бірлікке, ынтымаққа шақырып, үлгі-өнеге көрсете береді деп сенеміз.

Қадірменді ардагерлер!

Сіздерді тағы да төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға  бақыт, берекелі  де  ұзақ  ғұмыр  тілейміз.

        Ізгі ниетпен, аудан әкімі  Қ.Жолдыбай 

        Аудандық мәслихат хатшысы  А.Қарсыбаев