Аптаның дүйсенбісінде аудан әкімі Қайрат Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдауда Үміт Серкенова, Оразалы Мұратов, Есенбай Күленбаев, Тәжібай Мырзагелдиев, Қанат Жамантаев, Жәудір Мұсаева, Мәнсия Бейсенова, Динара Жастаева, Мұхтар Халмұрзаев, Любовь Волкова, Жәмила Исахова, Баян Қожақова, Серік Уәлиханов және тағы да басқа тұрғындар болды.
Тұрғындар тарапынан жұмыс және әлеуметтік көмек беру, жер мәселесі, тұрғын үй, ауыл округiндегi ескі мектепті алу, ауылға стадион салу, жайылымдық жер мәселесін шешу, мал өлексесін тастайтын жаңадан орын қазып беру, ауыз су фильтрін ауыстыру, көшеге тас төсеу және жөндету, мөлтекауданға жаңадан жол салу, көшені жарықтандыру, оқушыларды тасымалдауға автобус қою, көмір бағасын реттеу, мектептегі даудың заңды шешілуі, суармалы жер мәселесі және тағы да басқа әлеуметтік мәселелер көтерілді.
Аудан басшысы әр тұрғынның өтініштеріне заңды түрде жауап беріп, тиісті бөлімдерге тапсырмалар берді. Сондай-ақ, әр мәселені жеке бақылауға алатындығын атап өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.