Шардара қаласы 1968 жылы ресми түрде құрылып, қала статусын иеленгендігі баршаға аян.
Соңғы жылдары шежірелі шаһарда Қала күнін тойлау дәстүрге айналып келеді. Сіз бен бізге ортақ мереке биылғы жылы да өз жалғасын тауып отыр.
19 қазандағы игі іс-шара аудандық тарихи-өлкетану мұражайында өз жалғасын тапты. Аталған руханият ордасына келген бір топ жастар мен қала қонақтарына қала әкімі Е.Бекет пен мұражай қызметкерлері Шардара қаласының құрылу тарихы туралы қызықты деректер айтып, игі іске үлес қосқан азаматтардың ерен еңбегін тілге тиек етті. Сондай-ақ, қонақтар теңіз астында қалған ескі қалашықтан табылған жәдігерлермен танысты.
Өз тілшімізден.