Қымбатты Шардара қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!
Шежірелі өлкені шырайға бөлеген шуақты мереке – Қала күні құтты болсын!
Бұл мерекенің біз үшін орны ерекше! Бұл мереке – қалалықтардың ғана емес, сонымен бірге, осы қаланың дамуына үлес қосқан барша шардаралықтардың мерекесі.
Сіз бен біздің ортақ үйіміз – шырайлы Шардарамыз халқымыздың дәстүрімен қатар дамып, өткенін ұмытпайтын, сонымен қоса, жаңа технологияларға ұмтылатын тұрғындар қаласына айналды.
Қаламызда заман талабына сай инфрақұрылым қалыптасып келеді, жаңа шағынаудандар, көшелер, спорт алаңшалары, тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар салынуда. Инновациялық даму деңгейіне үлкен мән бере отырып, қала халқын әр жылғы мерекемізде жаңа мәдени, спорт, білім нысандарының бой көтеруімен қуантуға тырысамыз.
Қадірлі шардаралықтар!
Қаламыздың қарқынды дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін!
Баршаңызды Қала күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт пен береке, ынтымақ пен бірлік тілеймін!
Шырайлы Шардарамыз көркейіп, көріктене берсін!
Құрметпен, Шардара қаласының әкімі Е.Бекет.