Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген ел ағалары аудандық, облыстық, республикалық деңгейлердегі марапаттарға ие болып, еткен еңбектерінің жемісін көруде. Сондай-ақ еңбегі кейінгі жастарға үлгі болған азаматтарымыз қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың да назарынан тыс қалмай өзіндік бағасын алуда.
Айталық республикалық «Ынтымақ жолы» қоғамдық қорының шешімімен Қала күні қарсаңында бір топ ардагеріміз бен азаматтарымыз төсбелгі тағынып, марапат иелері атанды.
Осы қордың мүшесі Сәлім Бүркітбаев еңбек ардагерлері Пәрімбай Төребековті «Еселі еңбегі үшін – Еңбек ардагері» медалімен марапаттап, Базарбай Жораев, Амангелді Саудабаев, Жамантай Жаңабаев, Есенбек Смайылов, Ибрахим Бектұрсынов, қала әкімі аппаратының қызметкерлері Тазагүл Жұмалиева, Гулвира Құрманбек және Бауыржан Тойтановтарға «Еселі еңбегі үшін – Қазақстанға 30 жыл» мерекелік төсбелгісін табыстады. Бұл марапатқа жақында ғана республикалық «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметкерлері кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен марапатталған қала әкімі аппаратының жалпы бөлімі басшысы Қасымхан Мырзабаев та ие болды. Ал аудандық аурухана бас дәрігері Бауыржан Әбдімәлік «Еселі еңбегі үшін – Үздік медицина маманы» төсбелгісін тағынды.
Сол сияқты қала әкімі Ережеп Бекет Шардара қаласының өсіп өркендеуіне үлес қосқан Саудабаев Амангелді, Данияров Асылхан, Барболов Жеңіс, Биту Жанайдар, Мұңалбаев Маханбет, Сермаңызов Құттыбай, Ерназаров Қуаныш, Байділлә Рахматулаев, қаржы саласының ардагері Нақанша Қалмұратов пен ардагер ұстаз Махмұт Момыновтарды қала күні мерекесімен құттықтап, арнайы шығарылған «Еселі еңбегі үшін» мерекелік төсбелгісімен марапаттап, ардагер ұстаз Мұңалбаев Маханбеттің иығына оқалы шапан жапты.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
Ж.Жігерұлы.