Аптаның алғашқы күнінде аудан әкімі Қ.Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан аяқжол салу, электр желісін реттеу, Мұнай база ауылына газ беру мәселесі, ауыз су төлемақасын жүйелеу, тұрғын үй, кәріз құбырын жөндеу, қосымша қоқыс полигонын ашу, көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары, ауыл шаруашылығы мақсатында жер алу, мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй алу және тағы да басқа әлеуметтік мәселелер көтерілді.
Аудан басшысы әр тұрғынның өтінішіне заңды түрде жауап беріп, тиісті бөлімдерге тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, қабылдауда қозғалған мәселелердің шешілуін тікелей бақылауға алатынын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.