Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының қолдауымен Ы.Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиеті жылына» орай,
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Әлемді кітап арқылы танимын» атты ең көп кітап оқитын оқырмандар арасында республикалық «Бір мектеп – бір кітап» онлайн-акция байқауы өтті.
Байқауға Нұр-Сұлтан қаласынан, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарының балалар және жасөспірімдер кітапханаларынан 7 мен 15 жас аралығындағы 20 үміткер қатысып, бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Шардара қаласындағы №12 жалпы орта мектептің 6 сынып оқушысы Нұрай Мансұр жеңіп алды. Жүлдегерлер арнайы диплом, статуэтка және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аудандық балалар кітапханасының тұрақты оқырманы Нұрайға алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз. Жеңісің құтты болсын, Нұрай!
Аудандық орталық кітапхана.