Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласының еңбекшілері 2021 жылды толайым жетістіктермен түйіндеп жатыр.
Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығында 3,3 млн тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жетті. 24 қарашада Түркістан қаласында «Altyn kúz-2021» мерекелік іс-шарасы өтті.
Шарада ауыл шаруашылығы саласына еңбек сіңірген тұлғалардан бөлек, облыстағы барлық аудандар жемісті еңбектері үшін марапатталды. Оның ішінде Шардара ауданы "Мақта өндіруден озат аудан" атанды.
Айта кетсек, ағымдағы жылы ауданда 12 192 гектар жерге мақта егіліп, 35 525 тонна өнім жиналды. Бір гектар мақталықтан орташа есеппен 29,1 центнерден өнім алынып, өткен жылмен салыстырғанда гектар өнімділігі 6,3 центнерге жоғары болды. Биылғы жылы бір тонна мақтаның бағасы орташа есеппен 330 000 теңгені құрады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.