23 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Жиында партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен елімізде маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүріп жатқанын, бұл жұмыста жетекші партияның елеулі үлесі барын атап өтті.
Сонымен бірге, Елбасы «Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдай отырып, партияны ел Президенті басқаруы керектігіне де тоқталды.
Саяси кеңес отырысында Елбасы партия үнемі уақыт талабына сай жаңарып, елдің мүддесін қорғап, өмір сапасын арттыруға күш салуы керектігін айтты. Тәуелсіздікті сақтау басты мұрат екенін жеткізді. Жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды.
Oskenonir.kz