30 қараша күні аудандық мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты кеш өтті.

Салтанатты шарада аудан әкімі Қайрат Жолдыбай көпшілікті айтулы күнмен құттықтады. 

Аудан әкімі Қ.Жолдыбай мен аудандық мәслихат хатшысы А.Қарсыбаев ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ауданымыздың дамуына сүбелі үлес қосқан, сондай-ақ, еңбегі мен өнегесі көпке үлгі болған бірқатар азаматтарды Шардара ауданының "Құрметті азаматы" төсбелгісімен марапаттады. Марапатталғандардың қатарында Әбдіқадыр Анашбеков, Үрзада Айбек, Көбей Әбілқасым, Ақберді Байманов, Ыбырайым Байсын, Төлбасы Бектас, Владимир Боровик, Гүлфайруз Еркебаева, Жұмабай Есімов, Нұрбас Иса, Бекарыстан Жүсіпұлы, Үсен Қамбаров, Мұратбек Мәліков, Құдайберген Маханов, Ислам Омар, Панзарбек Ордабеков, Байдулла Рахматуллаев, Абай Сакиев, Құттыбек Сарманов, Нәби Серікбаев, Сыражаддин Тілегенов, Назарбай Тоқсанбаев, Пәрімбай Тұрбеков, Мырзахан Тұрғанбаев, Сайлау Шалхарбаев есімді азаматтар бар.

Сондай-ақ, аудан басшысы Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан шардаралықтарға шынайы ризашылығын білдіріп, бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласып, ауданымыздың және Ордабасы мен Бәйдібек аудандарының жезтаңдай әншілері өнерлерін паш етіп, мерекелік кештің көркін қыздырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.