Апта басында аудандық ардагерлер үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын насихаттау бойынша «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық

филиалы жанынан құрылған құрамында аудандық мәслихат депутаттары Нұржан Нөсеров, Элмира Қалмырза және Ғалымжан Әлібековтер бар «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшелері қалалық, ауылдық округтері ардагерлер кеңесінің төрағаларымен, ардагерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков ашып, жүргізіп отырды. Ақпараттық топ мүшелері «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығы тәуелсіздікке, бірлік пен келісімге, ата-баба мұрасына, халық қазынасына, отбасы мен еңбекке, прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепіліне арқау болғаны жөнінде айтып өтті.

Сол сияқты аудандық тарихи - өлкетану музейінің директоры Нұрлан Смайлов  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, баяндама жасады. Шардара ауданының құрметті азаматтары Жамал Өтегенқызы, Бәкір Қалмырза, Қыстау Ілесов және Төлбасы Бектасовтар сөзге шығып, өз ойларын ортаға салды. Аудан депутаттарына деген ұсыныстарын айтты.

Жиынды қорытындылаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков ардагерлерді Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойымен құттықтап, «Ардагерлер тынысы» журналына жазылуды апта көлемінде аяқтау қажеттілігін атап өтті.

                          Өз тілшімізден.