Халқымыздың ең қастерлі, ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай, ауданымызда көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Аптаның сәрсенбісінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты аудандық патриоттық әндер байқауы болып өтті.

Аталмыш шараны бөлім басшысы Қапбаров Шермұхамед Жарылқасынұлы құттықтау сөзбен ашып, қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі. Үміткерлер байқау ережесі бойынша бірінші кезеңде патриоттық тақырыпта, екінші кезеңде еркін тақырыптағы әндерді орындады.

Қазылар алқасының шешімімен сан ғасырлар бойы ата-бабамыз сарыла күткен Тәуелсіздік мерекесіне арналған ән байқауының қорытындысы бойынша жас әншілер – Нұрасыл Хусейн (Достық ауылы), Мөлдір Айнек (Көксу ауылы), Зарина Әлімханова (Қызылқұм ауылы) ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Ақшеңгелді ауылынан келген Бақыт Баратбаев «Аудандық мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің арнайы жүлдесін», Сүткент ауылынан келген Бақдәулет Бәкір «Тәуелсіздік – тірегім», Қ.Тұрысбеков ауылынан келген Нұрдәулет Сырайлов «Аудан әкімінің арнайы жүлдесін»

иемденді.

Қоссейіт ауылынан келген Мағжан Кеңес, Шардара қаласынан Ермек Тілеуқабылов жүлделі 3-орынды, Ұзын ата ауылынан Ақбота Аралбайқызы 2-орынды иеленді. 1-орынға аудандық мәдениет сарайының қызметкерлері Нұржан Жығалиев пен Әділғазы Ибрагимов лайықты деп танылды.

Ән байқауының Бас жүлдесін Алатау батыр ауылдық мәдениет үйінің қызметкері, сазгер, әнші Молдағұлов Ахмет Мамырұлы жеңіп алды.

Жүлдегерлер арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

А.Өсербай.