Аптаның дүйсенбісінде аудан әкімі Қ.Жолдыбай тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.
Жеке қабылдауға келген Оразбек Спатаев, Ұлжалғас Смайылова, Айнұр Құттыхановалар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салды. Тұрғындар тарапынан балабақша салуға жер алу, жер мәселесі, суармалы жер алу, мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй алу және тағы да басқа әлеуметтік мәселелер көтерілді.
Аудан басшысы әр тұрғынның өтінішіне заңды түрде жауап беріп, оларды орындау үшін тиісті бөлімдерге тапсырмалар берді. Сондай-ақ, қабылдауда қозғалған мәселелердің заңды шешілуін бақылауға алатындығын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.