15 желтоқсанда аудандық мәдениет сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы салтанатты түрде атап өтілді.
"Тәуелсіздігім – тірегім" атты мерекелік шараға аудан әкімі Қ.Жолдыбай, аудандық мәслихат хатшысы А.Қарсыбаев, аудандағы барша мемлекеттік мекеме басшылары, ауыл әкімдері, ардагерлер, аудандық мәслихат депутаттары мен тұрғындар қатысты. Салтанатты шараға қатысушылар алдымен Тәуелсіздікке арналған көрмені тамашалады.
Мерекелік кештің ашылу салтанатында сөз алған аудан басшысы жиналған көпшілікті еліміздің ең басты ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Тәуелсіздіктің қадір-қасиетіне тоқталған аудан әкімі мұнан соң ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалі мен өз атынан Алғыс хаттар табыстады.
Шара барысында аудандық мәслихат хатшысы А.Қарсыбаев та құттықтау сөз сөйлеп, өз атынан бірқатар азаматтарға мерекелік медальдар мен Алғыс хат табыстады.
Марапаттаулардан соң ауданымыздың және мерекеге қонақ ретінде келген Шымкент қаласының жезтаңдай әншілері кеш қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.