Жаңа жыл кеші қарсаңында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, "Nur Otan" партиясының мүшесі, «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің Басқарма төрағасы Бақытжан Серманизов әлеуметтік аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға 18 тонна көмір үлестіріп берді.
Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында қамкөңіл жандар қыстың қыңыр аязында жылу сыйлаған халық қалаулысына алғыстарын жаудырды.
Өз тілшімізден.