Апта барысында бір топ аудандық мәслихат депутаттарының демеушілігімен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық іс-шара болып өтті. «Ақ шағала» мейрамханасында аталып өткен көңілді іс-шараға 30-дан астам бала қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Таласов сөз алып, балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, демеушілік еткен азаматтарға алғыс білдірді. Аудандық мәслихат депутаттары – Гүлжан Ғаниева, Ермек Иса, Ғалымжан Асылбеков, Эльмира Қалмырзалар да балаларға үлкен қуаныш сыйлап қана қоймай, жылы лебіздерін білдіріп, арнайы сыйлықтарын табыс етті.
Жаңа жылдық кешке қатысқан балалар бір мезет көңіл көтеріп, әуелете ән салып, мәре-сәре болысты. Ата-аналар мүмкіндігі шектеулі балалардың риясыз қуануына мүмкіндік жасаған халық қалаулыларына шын жүректен алғыс айтты.
Өз тілшімізден.