Төтенше жағдай режимін бұзу және қоғамдық тәртіпсіздікке әкеп соғатын әрекеттер үшін – 15-30 тәулік аралығында қамауға алынады.
Билік өкілінің талабын орындамау, бағынбау, заңсыз митинг ұйымдастыру – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.
Жалған ақпарат тарату – 3-7 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуға әкеп соқтырады.
Қару-жарақ, оқ-дәрі, әскери техниканы қасақана жою немесе зардап келтірудің соңы – 10-12 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуға әкеп соғады.