11 қаңтар күні еліміз бойынша үлкен өзгерістер орын алып жатқан тұста ауданымызда да ауыс-түйістер орын алды.
Нақты айтқанда, осы күні бұған дейін аудандық соттың судьясы, аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы болып келген Оңдыбаева Светлана Рысбекқызы (суретте оң жақта) аудандық соттың төрайымы болып бекітілді. Сонымен бірге аудандық полиция бөлімінің басшысы болып Нұралиев Ермек Серікбайұлы (суретте сол жақта) тағайындалды.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай жаңадан тағайындалған аудандық соттың төрайымы С.Оңдыбаева мен аудандық полиция бөлімінің басшысы Е.Нұралиевті жұртшылықпен ресми түрде таныстырды. Сондай-ақ, аудан басшысы жаңадан тағайындалған басшылардың қызметтеріне сәттілік тіледі.
«Өскен өңір» – ақпарат.