Энергетика министрі міндетін атқарушының жарлығымен 2022 жылдың 6 қаңтарында елімізде мұнай өнімдерінің бөлшек сатылымдағы шекті бағасы бекітілді.
Бекітілген шекті бағасы ҚҚС-ты қосқанда төмендегідей:
Аи-80 бензин маркасы – 89 теңге/литр;
Аи-92 бензин маркасы – 182 теңге;
Аи-93 бензин маркасы – 182 теңге;
Аи-95 бензин маркасы – 215 теңге.
Дизельдік отынның бағасы (жаздық, маусымаралық):
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 260 теңге/литр;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында – 230 теңге/литр.
Oskenonir.kz