Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қала мен өзге аудандар аумағы арасында блокпосттар қойылған. Ауданда 2 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылған.
Ауданда түнгі 23.00 мен таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.
Аудан басшысы осы күрделі әрі қиын кезеңде сабырлық танытып, ел болашағына жауапкершілікпен қараған өңір тұрғындарына алғысын жеткізді. Қазіргі таңда басты мәселе ел тыныштығы екенін айтты.
Айта кетсек, ауданда жағдай тұрақты.Инфрақұрылым толық жұмыс істеп тұр. Азық-түліктің қоры жеткілікті. Сондай-ақ, ел азаматтары, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары мен белсенді жастар ел тыныштығын сақтау бағытында бірлесе жұмыс атқарып жатыр.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.