Жуырда Шардара аудандық сотының бас маманы А.Жамантай Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бойынша «Әкімшілік орган, лауазымды адам және әкімшілік рәсімдерге қатысушылар» тақырыбында Жаушықұм ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлеріне семинар өткізді.
А.Жамантай өз сөзінде әкімшілік орган лауазымды адам жолданымдарды қабылдайтынын және тіркейтінін, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесетінін, формальды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіретінін баса айтты.
Жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бойынша сұрақтар беріп, тұщымды жауап алды. Бұдан бөлек А.Жамантай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы» жөнінде қысқаша баяндап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр адамның міндеті мен борышы екенін атап өтті.
Өз тілшімізден.