Аптаның дүйсенбісінде аудан әкімі Қайрат Жолдыбай аудан тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелерді тыңдау мақсатында жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда болған тұрғындар тарапынан көшелерді жөндеу және жарықтандыру, жерді заңдастыру, оқушыларды мектепке тасымалдау үшін автобус қою, тұрғын үй кезегі, көшеге бетон арықшалар орнату, аяқ жол салу, интернет жылдамдығын көтеру және тағы да басқа әлеуметтік мәселелер айтылды.
Аудан басшысы көтерілген мәселелерге заң тұрғысынан жауап беріп, аудан деңгейінде шешілетін жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берді. Ал облыстық және мемлекеттік деңгейде шешілетін мәселелерді жоғары тұрған органдарға ұсыныс ретінде жолдап, орындалуына ықпал жасайтынын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.