8 ақпан күні аудан басшысы Қайрат Жолдыбай Көксу ауылдық округінде болып, тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді.

Аудан әкімінің қабылдауына келген тұрғындар тарапынан ағын су тарифының заңдылығы, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке субсидия қарастыру, жеңілдетілген несие алу, Сырдария емханасын аурухана етіп ашу, бос жерді кәсіпкерлік мақсатта аукционға қойып, пайдалы мақсатқа пайдалану, жайымдылық жер алу, жұмысқа тұру мәселесі, мемлекеттік медициналық сақтандыру көмегін алу, орталықтандырылған ауызсу лимитін және төлемақысын жүйелеу, жекеменшік мектеп және  балабақша  ашу заңдылығы, ағын су қашыртқыларын тазалау, газ мәселесі, егістік жерді заңдастыру, Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясындағы ұжымдық мәселе, ауыл ішіндегі қордаланған қоқыстарды тазалау, ортақ жайылымдық жерлердің мәселесі, мектеп көшесіне қосымша аяқжол салу, дәрігер мамандар мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек алу, қайтарымсыз грантқа қатысу, жаңадан балалар алаңшасын салу, суармалы жер заңдылығын реттеу секілді мәселелер айтылды.

Аудан басшысы көтерілген мәселелерге заңды жауап беріп, аудан деңгейінде шешілетін жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар берді. Сондай-ақ, облыстық және мемлекеттік деңгейдегі мәселелерді ұсыныс ретінде жолдап, орындалуына ықпал жасайтындығын жеткізді.

Аудан басшысы жеке қабылдаудан соң Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназияға барып, жалпы жағдайымен танысып, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Бердалиеваға ондағы бірқатар мәселелерді шешу керектігін жеткізді.

Аталған мәселелер бойынша А.Бердалиева ағымдағы жылы мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына жобалық сметалық құжат дайындауға қажетті қаржы бөлу бойынша ұсыныс жолданғанын айтты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.