Биылғы жылдың басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) кеңейтілген төралқа мәжілісі өткен болатын.
Мәжілісте ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өтпенов хазрет «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылына арналған бағдарлық баяндама жасаған. Таяуда аудандық орталық мешіттің бас имамы Марат Асанов аудан орталығындағы «Әбу Мансур әл-Матуриди» мешітінде аудан көлеміндегі қала, ауыл мешіттерінің имам-молдаларымен бас қосу өткізіп, аталған бағдарлық мақаланы кеңінен түсіндіріп, таныстырды.
– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары 7 бағыттан тұрады. Олар «Діни білім және ғылым», «Уағыз насихат және ихсан», «Дін мен дәстүр», «Ақпарат және ағарту», «Қоғаммен байланыс», «Уақып және қайырымдылық», «Діни оңалту» деп аталады. Алдағы уақытта осы 7 бағыт бойынша жұмыстар атқаратын боламыз. Ол шараларға қала, аудан көлеміндегі имам-молдалар белсене қатысады деп сенемін, – дейді аудандық орталық мешіттің бас имамы М.Асанов.
«Өскен өңір» – ақпарат.