Аудан әкімі Қ.Жолдыбайдың 2022 жылғы 18 ақпандағы №1-21ө өкімімен Қойшыбаев Талғат Қуандықұлы Шардара ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Қойшыбаев Талғат Қуандықұлы 1981 жылы 31 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2002 жылы "Сырдария" университетін информатик мамандығы және 2012 жылы Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетін қаржы, экономика және бизнес саласы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолында Шардара аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде бас маман, Шардара ауданы әкімі аппараты әкімшілік және жалпы бөлімінің бас маманы, Шардара ауданы әкімі аппараты персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас инспекторы, Шардара ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмiнің бас инспекторы және осы уақытқа дейін Шардара ауданы әкімінің көмекшісі қызметін атқарған.
Талғат Қуандықұлының қызметіне сәттілік тілейміз!
«Өскен өңір» – ақпарат.