17 ақпан күні Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен
аудан көлеміндегі сыртқы жарнама жазуларын реттеу жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты – кәсіпкерлік нысан иелеріне «ҚР тіл туралы заңын» түсіндіру, жарнама жазуларын ҚР тіл туралы заңына сәйкестендіріп жазу туралы ұғындыру.
Шара барысында арнайы құрылған топ ескірген билборьдтар мен ілінген жарнамаларды бақылап, «Дана сауда үйі», «Ет шағын дүкені», «Зергер», «София сауда үйі», «Көлік жуу», «Бектас ата», «Азық -түлік дүкені», «Құрылыс заттары сауда орталығы», «Қазыбек сауда үйлерінің» жарнама мен маңдайша жазуларындағы қателер мен түсіп қалған әріптері, кемшіліктері бойынша нысан кәсіпкерлеріне түсіндіру жұмыстары мен ескертулер айтылды.
«Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ.