Апта басында жерлесіміз, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан Төлепұлы Шардара ауданына арнайы іс-сапармен келіп, сайлаушылармен кездесулер өткізді.

Апта басында жерлесіміз, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан Төлепұлы Шардара ауданына арнайы іс-сапармен келіп, сайлаушыларымен кездесулер өткізді.

Е.Төлепұлы іс-сапарының алғашқы күнінде «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жергілікті тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар тарапынан: газ мәселесі, суармалы жер алу, жұмыспен қамту, балабақша мәселесі, электр сымын жалғату, мүгедектерге мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қосымша бағдарламалар қарастыру, атаулы әлеуметтік көмек алу мәселесі, мемлекеттен тұрғын үй алу, білім және құқық қорғау саласындағы мәселелер, көше шамдарын жөндеу, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, мектептердегі ұжымды және техникалық мәселесі, мал шаруашылығына алынған жайылымдық жер мәселесі, субсидия, "Сергек" бейнебақылау камерасын орнату, қосымша кәсіпорындар ашу және мүгедектерге оңалту орталығын ашу секілді мәселелер көтерілді.

Депутат тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелерін Үкіметке депутаттық сауал ретінде жолдайтындығын айтты.

Жеке қабылдаудан соң Қ.Ержан жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесті. Оларға аудандағы мәселелерді дер кезінде көтеріп, оның шешілуіне тікелей ықпал жасап отыру керектігін жеткізді.

Сондай-ақ, халық қалаулысы Шардара ауданындағы газ және ауыз су мәселесінің толыққанды шешілуіне ықпал жасайтындығын атап өтті.

Мұнан соң Жаушықұм ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, талаптары мен өтініштерін тыңдады. Ол жерде ауылдық округті газдандыру, егістік жерлер мен  басқа әлеуметтік мәселелер айтылып,  ұсыныстар қабылданды.

Бұдан бөлек халық қалаулысы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ғимаратында жиын өткізді. Жиынға кәсіпкерлер, меммлекеттік емес қоғамдық ұйымдар, ауыл билері, ардагерлер алқасы және басқа да азаматтар қатысты. Қатысушылар  ағын су тарифын реттеу, Жаушықұм массивінен суармалы жер алу, наубайхана ашуға көмек ету, сүт өндіретін кәсіпорын ашу, жаңа жұмыс орындарын ашу, нарық қымбатшылығы, депутаттар тарапынан  "Тама-Тастанбек" ұңғымасы арқылы Шардара қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету жобасына қолдау көрсету және басқа да мәселелерге тоқталды.

Құдайберген Ержан  аптаның екінші күніндегі жұмысын «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалында көпбалалы аналарды қабылдаудан бастады. Ол жерде көпбалалы аналардың мәселелеріне байланысты жан-жақты пікір алмасу жүргізді. Олар жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек, мемлекеттік жеңілдіктер және өзге де әлеуметтік мәселелерін көтерді.

Депутат барлық ұсыныстар мен сұрақтарға талдау жасап, өзекті проблемаларды мәжілісте депутаттық сауал ретінде көтеретіндігін жеткізді. Сондай-ақ, Қ.Ержан мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан оңтүстіктен солтүстікке халықты көшіру бағдарламасына тоқталып өтті.

Бұдан бөлек, депутат аудандағы мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдармен кездесті. Оған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, аналар кеңесінің төрайымы Ұ.Зейнедилова және басқа да ұйымдар қатысты.

Жиын ашық диалог түрінде өтіп, халықтың әл-ауқатын арттыру, ұлттар достығы мен татулығы, жастар тәрбиесі және басқа да өзекті тақырыптар сөз болды. Халық қалаулысы мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысымен танысып, пікір алмасты. Бұдан бөлек, саяси реформалар мен жүйелер сөз болып, қоғамдық ұйымдар атынан бірқатар ұсыныстар айтылды.

Мұнан кейінгі кездесу ауданның білім және медицина саласының қызметкерлерімен өтті. Депутат аталмыш салалардағы мәселелерге тоқталып, ұсыныстарын тыңдады. Атап айтсақ, ауданға білікті дәрігерлерді тарту, қызметтік тұрғын үй санын арттыру, пациенттерге сапалы қызмет ету, медициналық сақтандырудың төлемін жүйелеу, мұғалімдердің құқығын қорғау, білім сапасын арттыру секілді бірқатар қордаланған мәселелер айтылды.

Мұнан кейін Қ.Төлепұлы аудан жастарымен кездесіп, Президенттің өзі тікелей жастарға әрқашан қолдау білдіріп отырғанын айтып, жастардың ұсыныстарына құлақ түрді.

Жиыннан соң депутат "Шардара" шекара бөліміне барып, әскерилердің тыныс-тіршілігімен танысты. Шекарашылардың жалпы жағдайына талдау жүргізіп, мәселелерін тыңдады.

Депутат әрбір кездесулер сайын кезек күттірмейтін мәселелерді Үкімет отырысында депутаттық сауал ретінде жолдайтындығын жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.