«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы жастарымыздың ауыл-дық аймақтарды дамытумен қоса шалғай елдімекендерді түлетуге берілген мүмкіндік.
Бағдарламаның ерекшелігі сонда, елге қызмет жасауға дайын жалынды жастарды әлеуметтік қолдау шараларын қарастыра отырып, маманға ауылдық елдімекенге алғаш жұмысқа барған кезеңінде көтерме жәрдемақы мен жеңілдікпен қарастырылған тұрғын үй несиелерін беруді көздейді. Нақтылай кетсек, 100 айлық есептік көрсеткіштегі көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауға 1500 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие беріледі.
Осы орайда, аталған бағдарлама аясында Шардара қаласының азаматы Орынбек Абайхан Нұрмаханұлы Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепші лауазымына орналасты. Ендігі кезекте, жас маман өзінің білімі мен біліктілігін, күш-жігерін ауылдық елдімекеннің әлеуметтік экономикасын дамытуға жұмсамақ.
Р.Пердебек.