1 наурыз күні өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІІ съезі барысында партия атауы «Amanat» деп өзгергені белгілі. Сонымен бірге съезд барысында партияны модернизациялау тұрғысында алғашқы қадамдар қолға алынды.
«Amanat» деген жақсы сөз. Ата-бабамызда алдыңғының соңғыға аманат қалдыратын дәстүрі болған. Қазақ халқы ондай аманатқа қиянат жасамаған. Бұл орайда маған партия мүшесі ретінде жаңа атауы көңілімнен шықты, өзгертілгені дұрыс деп есептеймін. Алғашқы қадам жасалды. Партияның саяси кеңесі құрамына жұмысын жақсы білетін білімді, ұлтын сүйетін азаматтар қосылды.
Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың үніне құлақ асып, ата-бабаларымыздың аманатын арқалайтын саяси партия жасақтайды деп үміттенемін. Билік партиясы жаңа сапаға көшіп, халық мүддесі үшін даңғыл жолмен жүруі тиіс. Міне, сол кезде еліміз-жеріміз атадан балаға аманат болады, ал біз үшін мемлекетімізді болашақ ұрпаққа аманат етіп тапсыру маңызды.
Күн тәртібіне халыққа жақын болу, әділдік, депутаттардың әрекеті, мәселелерді шешу үшін қандай іс-шаралардың қолданылуы сынды мәселелер қойылды. Халық үшін жасалып жатқан бұл қадамдардың барлығын алдағы уақыттарда іске асыратын боламыз. Сонда еліміздің қоғамдық өмірі жаңа деңгейге көтеріледі.
Біле білсек Қазақстанның тағдыры әрқайсымызға аманат деп білемін.
Ерғали Қарымсақов, «Amanat» партиясы Шардара аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары.