«Көктем – 2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу бойынша Шардара ауданы әкімінің өкіміне сәйкес арнайы штаб құрылды.
2021 жылғы 3-4 наурыз аралығында арнайы штабтың ұйымдастыруымен Шардара ауданының азаматтық қорғау қызметтері қатысқан оқу-жаттығу болып өтті.
Берілген шартты пәрмен бойынша Қызылқұм магистралды каналы табанының бұзылуы кезінде арнайы күштер мен құралдардың төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеті пысықталды. Қ.Тұрысбеков және Көксу ауылдық округ халқын Шардара қаласының әкімшілігінде құрылған №1 эвакуациялық қабылдау бекетіне эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Келіп түскен хабарламалар мен сұрауларға уақытылы жауап берілді.
Жиын соңында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтіп, жаттығудың жоғары дәрежеде өткендігі атап көрсетілді.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.