Наурыз айының алғашқы күні елімізде «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезі болып өткендігі баршаға аян. Съезд барысында партия атауы «AMANAT» деп өзгертілді.
Сонымен бірге съезд барысында партияны модернизациялау тұрғысында алғашқы қадамдар қолға алынды.
Кешегі аптада «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының ұйымдастыруымен ҚР Президенті, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қ.Тоқаевтың партияның кезектен тыс ХХІІ cъезінде берген тапсырмаларын талқылау бойынша партия активінің жиыны болып өтті. Жиынға партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, қоғамдық кеңес төрағалары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, партия ардагерлері мен белсенділері қатысты. Партия активін аудандық партия филиалының төрағасы Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы ашып, жүргізіп отырды.
Мәжілістің жүргізілу тәртібі бекітілген соң аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Қарымсақов Ерғали Әбдәзімұлы сөз алып, ҚР Президенті, партия Төрағасы Қ.Тоқаевтың съезд барысындағы тапсырмаларына кеңінен тоқталды.
Мұнан соң «Қызылжар» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мырзабаев Қасымхан Яхияұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібековтер жарыссөзге шығып, өз ойларын ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аталған міндеттерді жүзеге асыру барысында әріптестеріне сәттілік тіледі.
«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.