8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қала әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы аналарға «Колумбия» сауда орталығының
директоры Е.Серқұловтың демеушілігімен аяқ-киімдер тарқатылып берілді. Олардың қатарында Рахат Омарова, Патима Абилова, Жанар Нуржанова, Роза Исаева, Нұрсұлу Абраймовалар бар.
Сонымен қатар «КMF» ЖШС микроқаржылық ұйымы мен ұжым қызметкерлері атынан 10 балалы жалғызбасты ана Гүлмира Тастановаға 100 мың теңгені құрайтын газ плита, қысқатолқынды пеш, үтік, қазан табыс етілді.
Жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын, жомарт жүректі жандар!
Г.Құрманбек, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы.