Шардара қаласы аумағындағы Шардара-Абай тас жолы бойындағы №3 мөлтек ауданда бүгінгі таңда 1000-ға жуық, №4 мөлтек ауданда 5000-ға жуық халық тұрады.
Оның ішінде 1-5 жас аралығындағы балалар – 250, ал 6-17 жастағы мектеп жасындағы оқушылар саны – 800-ді құрайды. Алдағы бес жылда аталған мөлтек аудандардағы халық саны 7000-ға жетеді деп күтілуде.
Халық санының өсуіне және мектептің қашық орналасуына байланысты мектеп жасындағы оқушылардың мектепке қатынауы қиындықтар туғызып отыр.
Аталған мөлтек аудандарға көрші елдерден оралғандардың көптеп қоныс аударуына байланысты, халық санының өсуінен мектеп жасындағы оқушылардың саны – 1100-ге жетеді деп күтілуде.
Осыған орай, Шардара қаласының бас жоспарына сәйкес 4-ші мөлтек ауданынан бөлінген жер теліміне заманауи үлгідегі 600 орындық мектеп ғимаратын салу қажеттілігі туындауда.
Осыған орай, 600 орындық жалпы орта мектеп ғимаратын салу үшін облыстық бюджеттен 2018 жылы қаржы бөлініп, Түркістан облысы құрылыс басқармасы тарапынан жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған болатын. Аталған жобаның құжаттары Түркістан облыстық құрылыс басқармасы тарапынан жинақталып, қажетті қаржы бөлдіруге бюджеттік өтінімге тапсырылған.
Бүгінгі таңда аталған жоба ЖСҚ-ның жарамдылық мерзімі өтуіне байланысты, жобалаушы мекеме «УЛМАД» ЖШС тарапынан жобаның құрылысын ағымдағы бағаға қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстар жүзеге асса, алдағы уақытта орын алады деп күтілген мектеп жетіспеушілігі болмайды деп санаймыз.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.