Шардара ауданы әкімдігінің 2021 жылы 9 ақпандағы №42 қаулысымен құрылған жер түгендеу комиссиясымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан 4222,15 гектар (2308,83 га жайылым, 1913,32 га суармалы) жер телімдері анықталған.
Суармалы жерлер бойынша нысаналы мақсатына сай пайдаланбай жатқан 1913,32 гектар жердің 44,9 гектары ҚР Жер Кодексінің 82 бабына сәйкес азаматтардың өз өтініштері бойынша және 1868,42 гектары сот шешімімен ауданның арнайы жер қорына кері қайтарылды.
Жайылым жерлер бойынша пайдаланылмаған 2308,83 гектар жайылым жер учаскелері ауыл әкімдерімен бірлесіп жүргізілген түсіндірме жұмыстары нәтижесінде, 1000 гектары мемлекет меншігіне қайтарылып, 1308,83 гектар сот шешімімен ауданның арнайы жер қорына қабылданды.
Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі.