Біздің мемлекетімізде жастарға жақсы жағдайлар жасалған. Мектеп бітірушілерге тегін оқу гранты ұсынылады, жатақханамен қамтылады. Оқу бітірген соң жұмысқа орналасу мақсатында арнайы бағдарлама жасалған.
Мұнан бөлек, оларды баспанамен қамту қаралған. Олардың мәселелерімен айналысатын орталықтар бар. Осындай мүмкіндіктерді тиімді пайдаланған жастар жұмысқа орналасып, еңбек етіп жүр.
Мысалы, Алматы қаласындағы энергетика және байланыс университетін математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған Абай Таймасов есімді жас маман таяуда ғана өзі білім алған Қоссейіт ауылындағы «Сырдария» жалпы орта мектебіне өз мамандығы бойынша жұмысқа қабылданған еді. Жұмысқа кіріскеніне жыл да толмаған жас маман өзіндік ізденісі бар екенін көрсетіп келеді. Жас маман жақында ғана математика пәнінің мұғалімдері арасында өткен облыстық жарыста топ жарып, бірінші орынды иемденді.
Абай Таймасов қала орталығындағы М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатты 2013 жылы «Алтын белгіге» бітірген. Сол жылы жоғарыда аталған университетке түсіп, 2017 үздік аяқтаған. Сол жылы Шымкент қаласында өз мамандығы бойынша магистратурада білімін шыңдаған.
Мамандығын мақтаныш көретін Абайдай жастар көп болса...
Өз тілшімізден.