ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай халықпен кездесуін және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауын бастады.
Бесінші сәуірде аудан басшысы Достық, Ақшеңгелді және Сүткент ауылдық округтері тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың талап-тілектері мен жеке мәселелерін тыңдады. Әр кездесу барысында 2021 жылы атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша бейнеролик көрсетіліп, қысқаша баяндама жасалды.
Сондай-ақ, аудан басшысы әр ауылдық округ тұрғындарымен сұрақ-жауап үлгісінде кездесулер өткізіп, талап-тілектерін тыңдады. Кездесулер мен жеке қабылдау барысында ауылдық округтер тұрғындары ішкі ағынсу каналдарын жөндеу, ағын су, мал етін өткізу мәселесі, «Қазпошта» ғимаратын жөндеуден өткізу, қосымша егістік жер алу, ағынсу төлемақысын реттеу, интернет желісін күшейту, Ақалтын ауылына қарасты Егізқұм елдімекеніне мәдениет үйін салу, электр сымын тарту, қосымша саябақ және спорт залын салу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурсқа қойғанда жергілікті ауыл тұрғындарына басымдық берілетін заңды тетіктер болса, тұрғын үй мәселесі, балабақша салу үшін жер алу, жайылым жерді ұлғайту, балық шаруашылығына арналған мемлекеттік көмек мәселесі, Сүткент ауылының емханасын ұлғайту, көшеге тас төсеу, ауыз су, ПУИД-2 жобасы арқылы ағын су каналдарын қайта құрылымдаудан өткізу, «Аманат» партиясының жұмысын жүйелеу, қосымша жұмыс орындарын қарастыру, жабық спорт алаңшасын салу, суармалы жер мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек мәселесі, қоғамдық жұмыс, қоқыс полигонын көшіру және басқа да әлеуметтік тақырыптар қозғалды.
Тұрғындармен кездесу барысында аудан басшысы егістікке қажетті ағын су, тыңайтқыш, жанар-жағармай және басқа да мемлекет тарапынан көрсетілетін шаруаға қажетті қызметтер әрдайым күн тәртібінде екенін баса айтты. Әр ауылдық округтегі әрбір шаруаның мәселесінің шешілуі бойынша жұмыс істейтінін атап өтті. Сонымен қатар басқа да қозғалған мәселелер бойынша жауап беріп, жан-жақты талқылау жүргізді.
Аудан басшысы әр тоқсан сайын аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіп тұратын болады.
* * *
Аудан басшысы 6 сәуірде Қызылқұм, Алатау батыр және Ұзын ата ауылдық округтері тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады.
Кездесулер мен жеке қабылдау барысында тұрғындар тарапынан электр сымын жөндеу, мал ұрлығының алдын алу, жайылым мәселесі, емханаға қосымша медбике алу, мақта бағасы, ауылдардан қызметтік тұрғын үй салу, ағынсу төлемақысын реттеу, жер алу мәселесі, жанар-жағармай алу, жол жөндеу, жастарды жұмыспен қамту, диірмен салу мәселесі, мемлекеттік қайтарымсыз қаржылай грантқа қатысу, мал бордақылау орындарының мәселесі, тұрғын үй салуға жер беру, Алатау батыр ауылындағы орталық базар мәселесі, қосымша жол белгілерін қою арқылы жол апатының алдын алу, қараусыз қалған малдардың мәселесі, ауыл ішіндегі тазалық, Қызылқұм магистралды каналын күрделі жөндеуден өткізу, ауыз су сапасын қадағалау, егін суының тапшылығы, Ұзын ата ауылынан үй салуға жер алу және қосымша инфрақұрылым тарту, көшеге тас төсеу, көшедегі құдық қақпақтарының мәселесі, интернет қуатын күшейту, жерлерді заңдастыру мәселелері қозғалды.
Кеше аудан басшысы Көксу, Қоссейіт және Қ.Тұрысбеков ауылдық округтері тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесудің алдында аудан әкімі Шардара ауданында былтырғы жылғы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.
Кездесулер мен жеке қабылдау барысында тұрғындар тарапынан Көксу ауылындағы емхана және жедел жәрдем мәселесі, ағын су қашыртқыларын тазалау, ағын су мәселесі, Көксу ауылына қарасты Айдаркөл елдімекеніндегі ауыз су төлемақысын реттеу, газ тарту, көше салу, қоқыс мәселесі, ПУИД арқылы каналдарды бетондау мәселесі, ауылды көгалдандыру, конкурспен жер алу, арзандатылған тыңайтқыш мәселесі, кәсіпкерлік нысанының құжатын заңдастыру, жайылым жер алу мәселесі, жекеменшік спорт зал жабдық алуға көмек беру, көшеге қосымша жасанды тегіс еместік қою, ауыз су құбырының қысымын күшейту, мектеп көшесінен жүк көліктері мен ауыр техникаларын жүргізбеу үшін арнайы аркалар орнату, Қоссейіт ауылынан ауыз су алатын қосымша ұңғыма қазылса, газ көзіне қосу мәселесі, қосымша спорт алаңшасын салу, Қ.Тұрысбеков ауылындағы мал өлігін тастайтын орынды ұлғайту және қосымша салу, ауылды газдандыру жұмыстары, бірқатар көшелерді асфальттеу, жайылым жерді ұлғайту, инфрақұрылымдарды сапасына мән беру, карер қазу мәселесі, жұмыспен қамту, Ақберді және Қуанқұдық елдімекендерінің электр қуатын арттыру және басқа да әлеуметтік сұрақтар қойылды.
Қ.Жолдыбай әр сұраққа жеке-жеке жауап беріп, мәселелерді оңтайлы шешу бойынша тиісті бөлімдер мен мемлекеттік мекемелерге тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, аудан басшысы әр тоқсан сайын аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіп тұратынын айтты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
(Аудан әкімінің осы мазмұндас жиыны бүгін Жаушықұм ауылы мен Шардара қаласында өз жалғасын тапты. Ол жайындағы материалдар газетіміздің келесі нөмірінде жарияланады)