Шардара қаласы тоғызқұмалақтан 2021 жыл қорытындысы бойынша "Үздік қала" атанды.
Сейсенбі күні Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ спорты федерациясының Президенті А.Байменовтың атынан келген марапатты тапсыру үшін Түркістан облысы тоғызқұмалақтың аға жаттықтырушысы Камила Көпбаева ауданымызға арнайы келді. К.Көпбаева аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиевтың қабылдауында болып, салтанатты түрде тоғызқұмалақ спорты федерациясы Президентінің кубогы мен грамотасын тапсырды.
К.Көпбаева Шардара ауданы кез келген спорт түрінен жоғары нәтиже көрсетіп жүргенін жеткізіп, алдағы уақытта шардаралық спортшылар бұдан да биік шыңдарды бағындыра беретініне сенімді екендігін білдірді.
«Өскен өңір» – ақпарат.