«Еңбек – ер атандырады» демекші, арамызда елдің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар аз емес, оларға артылар жүк те ауыр. Олар – өзінің емес, өзгенің игілігі үшін тер төгіп жүрген жандар. Сондықтан еңбектері ерен. Ондай еңбекті қалай дәріптесек те жарасымды.
1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай, қала әкімі Ережеп Бекет еңбек ардагері, жасы сексеннің сеңгіріне шыққан қарт ана Күлпаршын Тұрысова мен құрылыс саласының ардагері, зейнеткер Тойшыбек Әнуар мен бір кездері қалалық әкімдікте ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарған Сәуле Беркінбаевалардың еңбектерін елеп, арнайы құттықтады. Мерекелік көңіл-күймен емен-жарқын әңгіме шертіп, ардагерлерге алғыс айтты. Шара барысында қала басшысы еңбегімен еленген жандарды «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапаттады.
Өз кезектерінде ардагерлер де еңбектерін елеген қала басшысына шын көңілден ризалықтарын білдірді.
Ғұмырларыңыз ұзақ болсын, құрметті ардагерлер!
Ақбота Өсербай.