Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке бізді бір шаңыраққа біріктіреді, бірлік пен ынтымаққа шақырады. Бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім –мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы.
Иә, қазақ – қашаннан бауырмал халық. Әр кезеңде елімізден пана іздеп келген өзге ұлт өкілдерінің бәріне құшағын ашып, төрінен орын беріп, қандай қиын сәттердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеген елміз. Қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгін де көп ұлтты мемлекеттің бірі болып, әлемге бейбіт сүйген ел ретінде танылды.
«Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» дейді дана халқымыз. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде ғана нәтижелі істердің болатыны белгілі.
Ынтымағы мен бірлігі жарасым тапқан елдің ырысы қашанда арта бермек. Досқа адалдық, бауырға мейірбандық танытып, ата салтынан айнымаған халқымыздың игі дәстүрі бейбіт өміріміздің негізін қалап келеді.
Бірлігі бекем елдің іргесі мықты, болашағы нұрлы. Біздің тілегіміз бір, мақсатымыз айқын.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз болғандықтан, бұл жетістікті бағалап, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбіріміздің міндетіміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы халыққа арнаған Жолдауында «Біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. Бұл болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз» деп атап өткен болатын.
Бүгінгі таңда игілікті бастамаларды мақсат еткен аудан тұрғындары ел экономикасының өркендеуіне, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне үлес қосып, ертеңгі күнге деген зор сеніммен еңбек етуде.
Ардақты ағайын!
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, татулық пен бірлігіміз бекем болсын деп тілейміз. Алға қойған арман-мақсаттарға ауызбіршілікпен жете берейік!
Аудан әкімі Қ.Жолдыбай
Аудандық мәслихат хатшысы А.Қарсыбаев