Дүйсенбі күні аудан әкімі Қайрат Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда болған тұрғындар тарапынан егістік және жайылымдық жердің конкурсына қатысу, жұмысқа орналасу, үй іргерлік жерді заңдастыру, тұрғын үй кезегі, Алаш көшесін асфальттау, тұрғын үй салуға жер алу, жер мәселесі, ағын сусыз дақыл егу және тағы да басқа әлеуметтік мәселелер айтылды.
Аудан басшысы сауалдарға толыққанды жауап беріп, аудан деңгейінде шешілетін жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар беріп, облыстық және мемлекеттік деңгейде шешілетін мәселелерді ұсыныс ретінде жолдап, орындалуына ықпал жасайтынын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.