Кеше аудан әкімі Қ.Жолдыбай Ұлы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында бір топ тыл еңбеккерлерін құттықтап шықты.
Аудан басшысы тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсете отырып: «Сізді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке Ұлы Отан соғысына қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі. Сіздердің соғыстан кейiнгi жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы қажырлы еңбектеріңіз кейінгі ұрпақ үшін өшпес өнеге болып қала береді. Бүгінгі өскелең ұрпақты береке-бірлікке, тату-тәттi тірлікке тәрбиелеу ісіне белсенді ат салысып, ортамызда аман-есен жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Ұл-қыздарыңыздың, немере-шөберелеріңіздің қызығын көре беріңіздер» - деді.
Сондай-ақ, аудан әкімі ардагерлерге Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.